Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі төралқасының мүшелері мәслихат сессиясына қатысты.
Алқа мүшелері сөз сөйледі: инклюзия мәселелері бойынша Б.Джепка, экология, энергия үнемдеу бағдарламалары бойынша А.Наурызбаев, М.Шибутов Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды қолдайтындарын айтты.
Анықтама үшін: шілде айында Қоғамдық кеңес алаңында жобаны Алматы қаласының әкімі Е.А.Досаев таныстырды, резиденттер мен сарапшылық қауымдастықтардан түскен ұсыныстар талқыланды. Кеңестен 70-тен астам ұсыныс жолданды, сондай-ақ
Қоғамдық кеңес мүшелері Даму бағдарламасын талқылау бойынша барлық мәслихат комиссияларының жұмысына қатысты.
Олар жоғарыда аталған бағдарламада көрініс тапқан ұсыныстар, тілектер, ескертулер айтып, бірлесіп жеке ұсыныстар әзірледі.
ҚК-ке арналған бұл бағдарлама қаланың әлеуметтік маңызды мәселелері бойынша жұмыстарды құруға арналған әрекет алгоритмі болып табылады.
2-Құрылыс, жер қатынастары, урбанистика, энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі комиссия
“Алматы қ. қоғамдық кеңістіктерді дамыту Басқармасы” КММ-нің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы және 2025 жылға арналған жоспарлары
2024 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің №2 комиссиясы Гүлмира Масабайқызы Байгабулованың төрайымымен Алматы қаласы қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының 2024 жылғы жұмыс нәтижелері және 2025 жылға арналған басым міндеттер туралы есебін тыңдады. Есепті бірінші Read more…