2022 жылғы 5 қыркүйекте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен Алматы қ. Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясы Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитетінің отырысы өтті.
Отырыс барасында Комитет төрағасы Б.А. Жапаровтың Комитеттің атқарған жұмысы туралы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы прокуратурасы және Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығымен болған кездесулердің нәтижесі туралы ақпараты тыңдалды. Комитет мүшелері Қоғамдық кеңес пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлескен жұмыс жоспары мен Комитеттің құқықтық тәртіп бағытындағы жұмыс жоспарын жүзеге асыру бойынша нақты шараларды, Комитет жұмысын тиімді ұйымдастыру шараларын талқылады.
Сонымен қатар, отырыста ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы» ӘКК-де өткізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері талқыланды. Департамент ұсынысына сәйкес Комитет мүшелері мемлекеттік органдар мен квазимемсектор мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге тартылатын болады.
Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы қаласының қоғамдық кеңесі “AMANAT” партиясы Алматы қалалық филиалының әйелдер қанатымен бірлесіп Алматының сегіз ауданында бірқатар диалог алаңдарын ұйымдастырды.
Бұл іс-шаралардың мақсаты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі кешенді шараларды қамтамасыз ету үшін халықты ақпараттандыру болды: * Алматы қ. ҚДБ “психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ КМК мамандары, * кәмелетке Read more…