Бүгін қалалық Қоғамдық кеңес төралқасының кезекті отырысы өтті, онда күн тәртібіндегі екі мәселе талқыланды:
1. Кеңестің сараптамалық қоғамдастығының жаңа мүшелерінің кандидатураларын бекіту;
2. Қаламыздың экологиясына байланысты маңызды тақырып бойынша қоғамдық тыңдауларға дайындық барысы. № 1 Комиссия төрағасы Б. А. Жапаров тыңдаулар Алматы агломерациясының тұрақты дамуының қажетті шарты ретінде ауа сапасын жақсарту шарттары мен жолдарына арналатынын хабарлады. Барлық мүдделі тұлғаларға тыңдаулар 2022 жылдың 29 қарашада өтетінін тағы да еске саламыз.
Мекен-жайы: Абай даңғылы, 90, “АлматыБасЖоспар”ғимараты. Өткізу уақыты 09:00-12: 00-ге дейін.
Біздің қаламыздың тұрғындарын қатысуға шақырамыз.
Жаңалықтар
16 қаңтарда Мәслихат төрағасы М. Б. Отыншиевтің қатысуымен Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес комиссиялары алдағы үш айға арналған жұмыс жоспарларын ұсынды, өйткені ағымдағы құрамның өкілеттіктері ағымдағы жылдың сәуір айында аяқталады. Осыған байланысты назар мен күш-жігер қаланың ең өзекті және проблемалық мәселелерін шешуге бағытталатын болады. Талқылаудан кейін жоспарлар Read more…