2019 жылдың 12 ақпанында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі мүшелерінің (Сағымбекова М.М., Шөпшекбаева А.Ш., Жазылбеков Н.Ә., Бабамұратов Д.Ә., Шәпенов А.Т., Байсакова З.М., Набиев В.Г., Тайтулеев Т.М.) қатысуымен Алматы қаласының барлық аудандық әкімдіктерінде көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың аналарымен кездесулер өткізілді. Кездесуде әртүрлі әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар, атап айтсақ, тұрғын үй алу кезегіндегі жеңілдіктер, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу және түсіндірулер, бастапқы жарналар, жеңілдіктер жөнінде, сонымен қатар, спорт клубтарындағы балаларға жеңілдіктер, мектепте тегін тамақтану, еркін жүру сияқты проблемалық мәселелер талқыланды. Қоғамдық көлік, азық-түлік және киім-кешекпен мақсатты көмек, жұмыс табуға көмектесу, науқас балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сынды мәселер қозғалды.Барлық кездесулер тыныш және сындарлы жағдайда өтті. Көптеген проблемалық мәселелер талқыланып, шешімдерінің кілті табылды. Болашақта осындай бағыттағы кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады.
диалог платформасы
Ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласының қоғамдық кеңесі қаланың сегіз ауданында бірқатар диалог алаңдарын өткізді
Олардың мақсаты буллинг пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балаларды ақпараттандыру және оларға психологиялық қолдау көрсету болды. Бұл іс-шаралар ата-аналарды да, тәрбиешілерді де толғандыратын өзекті мәселелерді талқылаудың маңызды алаңына айналды. Алаңда “психикалық денсаулық орталығының” директоры Рахменшеев Read more…