Бүгінгі таңда басқарушы компания IT, медицина және инновациялық технологиялар саласындағы жобаларды жүзеге асыруға платформа берумен айналысады. Қатысушылар саны 199, олардың көбі IT саласынан. Құбыр жасау саласында резиденттер бар, телекоммуникация, жер қойнауын пайдаланушылар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында және т.б. құбыр шығарады. Өнімдерін көрші елдерге экспорттайды. Біздің комиссия сарапшыларының пікірінше, инновациялық технопарк басқарушы компаниясының басты міндеті инновациялық әзірлемелерді сауатты бизнес-жоспарға айналдыру, маркетингтік зерттеулер жүргізу болуы керек. Бизнес пакетті инвесторларға, кәсіпкерлерге, бизнес-періштелерге, венчурлық инвесторларға ұсыну қажет. Ақпараттық, жарнамалық, патенттік қолдаумен қамтамасыз ету керек. Инвестицияланған жобаны технопарктың цехтарына орналастыру қажет. Мониторинг мүшелері резиденттер үшін тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салу қажеттігін де атап өтті. Жоба материалдарын әбден зерделеген соң, нәтижесін көзделген мақсатпен салыстыра отырып, біздің тараптан ұсыныстар берілетін болады. Мониторингке қатысқан ҚК мүшелеріне @beknur.kissikov , @shimanskaya_polina, @gulmira_01 үлкен алғысымызды білдіреміз! Егер де сіздердің қандай да бір ұсыныстарыңыз, тілектеріңіз болса, info@almatykenes .kz поштасына жолдай аласыздар!
Жаңалықтар
Алматыдағы құрылыс алаңдарын бақылау: қала жолдарындағы лай мен шаңға қарсы күрес
2025 жылдың 13 наурызында Алматы қаласының Мәслихаты мен Қоғамдық Кеңесінің бірлескен мониторингтік тобы, сарапшылар, экология басқармасы, Экополиция, ГАСК өкілдері және БАҚ құрамында бірнеше құрылыс алаңдары мен учаскелерді ҚР заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізілді. Тексеру Read more…