Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі 10.10.2022 жылғы отырыс аясында бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың үндеуін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайыловқа әлеуметтік мәселелер бойынша хат жолдады. 2023 жылға арналған жұмыспен қамту бағдарламасында.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы No 516 бұйрығына өзгерістер енгізуге байланысты мынадай өзгерістер бекітілді:
1. 2023 жылға субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартылды;
2. Ұйымның қоғамдық жұмыстарға қатысуына екі жыл ішінде бір рет шектеу алынып тасталды;
3. Қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына қатысу лимиті қызметкерлердің тізімдік санынан, дәлірек айтқанда қоғамдық жұмыстар бойынша тізімдік санның 40% – и және жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 20% алып тасталды.
Жаңалықтар
16 мамырда IV шақырылған Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.
Жұмыс тобының төрағасы Камалов Бақтияр Камалұлы кеңеске мүшелікке арналған конкурстың қорытындысын жариялады, нәтижесінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесі құрылды, оның құрамында 42 мүше бар, олардың үшеуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады. Қоғамдық кеңестің Read more…