Үш жыл бойы мектеп-интернат аумағында жаңа тамақтандыру нысанының құрылысы жалғасуда, оған дейін 2019-2020 жылдары сейсмикалық күшейту және бас ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осыны ескерсек, интернаттың балалары төртінші жыл басқа интернаттарға ағылуына тура келді.
2022 жылдың қазан айында бір топ ата-ана құрылыс мәселесі бойынша Қоғамдық кеңеске жүгінген. №5 Комиссиясы жанындағы Білім комитеті 2022 жылдың қазан-қараша айларында бас мердігердің жаңа тамақтандыру насанын салу жөніндегі міндеттемесінің орындалуына апта сайынғы мониторинг жүргізді.
Ал, 17 сәуірде Қоғамдық кеңес мүшелері Қайыржан Абдыхалықов, Рафаэль Гасанов, Полина Шиманская және Арай Төлемісова №9 арнайы интернатқа мониторингпен шықты. Мектеп-интернатында директор, ата-аналармен және бас мердігер өкілдерімен бірге ғимараттардың оқу процесіне дайындығын тексерді. Көшпелі отырысқа осы нысанның құрылысын қадағалайтын Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, яғни Білім басқармасы мен Құрылыс басқармасының жауапты қызметкерлері де қатысты.
Мердігер құрылыс жұмыстары биылғы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталады деп сендірді. Сондай-ақ мектеп-интернаттың жатақхана ғимаратының жылу жүйесін пайдалану және дұрыс тексеруде мәселе болды. Осыны ескере отырып, қалалық құрылыс басқармасы Қоғамдық кеңес мүшелерінің арағайындығымен мердігер ұйымның интернат үйінің жылу жүйесін жедел түрде тексеру жөніндегі міндеттерін орындауды талап етті.
Қоғамдық кеңестің №5 Комиссиясы Алматы қаласы №9 арнайы мектеп-интернаттағы жағдайын қадағалауды жалғастырады!
#ҚоғамдықКеңесАлматы #Almaty