Отырыста Комитеттер мен сараптау топтарының 2023 жылға жұмыс жоспарлары мен ұйымдастыру мәселелері қаралды. Жоспарларда қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша тыңдау, дөңгелек үстел мен мониторингтік шаралар өткізу көзделген. Соның ішінде, 17 ақпанда «Алматы агломерациясы қоғамдық көлік инфрақұрылымының жағдайы мен дамуы» тақырыбында тыңдау өткізу жоспарланып отыр.

3 шілдеде №3 комиссияның коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобильділік мәселелері бойынша мүшелері мен сарапшыларының бірлескен отырысы өтті.
Таныстық, бірінші кезектегі міндеттерді белгіледік және Қоғамдық кеңес мүшесі Т.Т. Нұртаевтың Сәтбаев – Мәсәнші – Байтурсынов көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстарына қатысты бастамасын ескердік. Комиссия төрағасы Асқат Қабашевтің атынан әрбір қатысушыға бөлген уақыты мен белсенді қатысқаны Read more…
