Қоғамдық кеңес пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, а.ж. 1 желтоқсанда Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген мәселелерді талқылау өтті. Шараға Қоғамдық кеңес пен оның Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитетінің мүшелері мен сарапшылары, Департамент қызметкерлері қатысты.
Шара уақытына сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылды:
· құрылыс пен тұрғын үй;
· экология;
· жер саласы;
· экономика және қаржы;
· қазынашылық;
· әлеуметтік сала (білім беру және денсаулық сақтау).
Топтар сыбайлас жемқорлық туғызатын мәселелерді шешу бойынша өз ойларын жалпы талқылауға ұсынды.Талқылау нәтижесінде топтарға өз ұсыныстарын жүйелеп, негіздемесімен бірге Департаментке қарастыру үшін енгізуге кеңес берілді.
Жаңалықтар
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің және “Іле-Алатау” МҰТП Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті
Кездесуге туризм және экология басқармаларының өкілдері қатысты. Модераторлар мен спикерлер Іле-Алатау ұлттық паркінің Үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұхтар Тайжан, “петроглиф аңшылары” ҚБ өкілі Ольга Гумирова және саяхатшы журналист Юрий Дорохов болды. Олар жергілікті бюджет пен туристердің Read more…