Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Атмосфералық ауаның жай-күйін сандық бағалау және экологиялық деректерді жинауға, талдауға және қолдануға заманауи тәсілдерді пайдалану заңнамалық реттеуді, ұзақ мерзімді және жедел іс-шаралар жоспарларын және ауа сапасын жақсарту бойынша жалпы ілгерілеу барысын қадағалауды қоса алғанда, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

Осыған байланысты Алматы қаласы мәслихатының экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Алматы қаласының ауа сапасын жақсарту жөніндегі қоғамдық кеңесімен бірлесіп, бірқатар қоғамдық тыңдауларға бастамашылық жасады. Екінші бөлім Алматы қаласының экологиялық деректері мен ауа сапасы туралы ақпаратқа арналады, оның аясында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Ауаның ластануының ағымдағы жай-күйін және оның халықтың өмір сүру сапасына әсерін бағалау
  • Қаланың ауа сапасы мониторингінің тиімді жүйесін құру: мәселелер мен шешу жолдары, ағымдағы бастамалар, заманауи тәсілдер
  • Ауа сапасы бойынша экологиялық деректерді пайдаланудағы басқа қалалардың озық тәжірибелері мен тәжірибелерінің мысалдары
  • Халықты тарту: нақты жағдай туралы хабардар ету, азаматтық бастамалар, шешім қабылдауға қатысу

Құрметті қала тұрғындары, әлеуметтік белсенділер, БАҚ өкілдері, қоғамдық пікір жетекшілері мен экологтар! Сізді «Экологиялық ақпарат Алматыдағы атмосфералық ауаның жағдайын жақсартудың негізі ретінде» тақырыбындағы Қоғамдық тыңдаулар сериясының екінші бөліміне қатысуға шақырамыз.

Өтетін күні мен орны: 25.08.2021 ж.

Өтетін уақыты: 10:00-12:00

ZOOM шақыру іс-шара Алматы қаласы мәслихаты мен қоғамдық кеңесінің интернет-ресурстарында заңда белгіленген мерзімде орналастырылатын болады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта