Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі Төралқасының отырысында 2019 жылдың 24 қазанына Қоғамдық тыңдауға 2 сұрақ дайындау жөніндегі талқылаулар нәтижесінде жоспарланған велосипед көлігі инфрақұрылымын дамыту туралы мәселесін басқа уақытқа ауыстыру туралы шешім қабылданды (бұл мәселені талқылау уақыты мен орны қосымша жарияланатын болады).
Ақылы автотұрақтар желісін ұйымдастыру және кеңейту мәселесі Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібінде әлі де қалатынын азаматтардың естеріне сала отырып, белсенді қала тұрғындарын қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырамыз!
Күні: 24 қазан 2019 ж (бейсенбі).
Уақыты: 16:00-18:00.
Өткізу жері: Сәтпаев к., 16, «Тұран» университеті, мәжіліс залы, 3 қабат,
Барлық сұрақтар жөнінде байланысу координаттары: +7(727) 292 10 02.