Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң), Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды.

Заңның 10 бабының талаптарына сәйкес, жұмыс тобына үміткер Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азамат болуы тиіс.

Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңеске ұсынылатын үміткерлерге Заңның 10 бабының 1 тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Құжаттар Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Хатшылығына 2018 жылдың 27 ақпан күнін қоса алғанда дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан д., 37, 408 бөлме. Анықтама телефоны: 8(727)279-27-47. Электронды мекен-жай: almatykenes@gmail.com.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар байқау жөнінде хабарландыру жарияланғаннан кейін 20 күн ішінде келесі құжаттарды тапсырады:

  1. коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. үлгіге сәйкес толтырылған өтінім (өтінім үлгісін Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының (uvp.almaty.kz) және мәслихатының сайтынан (mga.kz) жүктеуге болады);
  3. мекенжай анықтамасы;
  4. сотталмағандығы жөнінде анықтама (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы);
  5. психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмағандығы жөнінде анықтама;
  6. жеке куәліктің көшірмесі;
  7. 3х4 фото.

форма заявки фин

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта