Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, аула аумақтарының қауіпсіздігі, бейнебақылау камераларын орнату, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оның ішінде бейнебақылау камераларының жұмысы мен басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
Полиция өкілдері тұрғындардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, тиісті түсініктемелер берді.
Кездесу ашық әрі сындарлы жағдайда өтті. Мұндай диалог алаңдары тұрғындар мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға және қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
