Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі мәселелері жөніндегі №2 комиссиясы жылдық жұмыс жоспары аясында 2025 жылғы 1 шілдеде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның есебін тыңдауға арналған кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның 2024 жылдағы, 2025 жылдың бес айындағы қызметі туралы есеп, сондай-ақ 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарлары ұсынылды. Қаламызды ілгерілету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, жайлы өмір сүрудің негізгі параметрлерін жақсарту бойынша кезең-кезеңімен жүргізілген жұмыстардың арқасында қаланың халықаралық аренадағы индексі өсті.

АДО өкілдері Алматы қаласын дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлауына аналитикалық, жағдаяттық және деректер орталықтарының жұмысы мысалында жәрдемдесу туралы айтып берді. Сондай-ақ, қала әкімдігінің жобаларын жоспарлауға, дайындауға және іске асыруға қолдау көрсететін жобалық кеңсенің қызметі және тұрғындармен кері байланыстың тиімділігін арттыруға және азаматтарды даму процестеріне тартуға бағытталған «Open Almaty» сервисі таныстырылды.

АДО басқарма төрағасы Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында бекітілген негізгі көрсеткіштердің орындалуы, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі орта мерзімді жоспарлар туралы толық ақпарат берді. Бір жарым жылдан кейін қалада алғашқы трамвай пайда болады!

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ашық мәселелер бойынша пікір алмасып, қосымша жұмыс кездесулерінің сериясын өткізу туралы келісті. Есеп бірауыздан қабылданды. Барлық ұсыныстар бір апта ішінде жазбаша түрде ұсынылады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support