Кеше Алматыда қалалық медициналық ұйымдардың пациенттерді қолдау қызметінің (ПҚҚ) жұмысына арналған диалог алаңы өтті. Шара, Зәуреш Аманжолова басқаратын Қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау комиссиясының, сондай-ақ Алматы қалалық мәслихатының депутаты Алтынай Көбееваның қатысуымен өтті.

Диалог медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған депутат А. Көбееваның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Талқылау барысында ПҚҚ қызметкерлері өзекті мәселелерді көтерді:

кадр тапшылығы және бөлімшелердің жеткіліксіздігі;

пациенттердің өтініштерін өңдеу және уақтылы жауап беру қиындықтары;

коммуникативті дағдыларды дамытуда жүйелі оқыту қажеттілігі;

ішкі аудит процестерін жетілдіру және DamuMed және МКТБЖ жүйелерінің тиімділігін арттыру.

Сондай-ақ, науқастардың негізгі шағымдары маманның қабылдауына жазылу мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты екені айтылды.

Диалогқа қатысушылар айтқан барлық ұсыныстар жинақталып, кейіннен қарау және ПҚК жұмысын жақсарту бойынша практикалық шараларға енгізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

Осы тақырыптағы келесі отырыс Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының қатысуымен жоспарланған және ол «ДамуМед» және МКТБЖ цифрлық жүйелерінің жұмыс істеуіне арналады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support