Алматы қаласының қоғамдық кеңесі ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.О. Көбееваның бастамасымен Алматы қаласының сегіз ауданында 40 тнг ең төменгі тарифті бекіту кезінде ТҮК оңтайландыруға (үйді ұстауға арналған шығыстар) байланысты мәселелерді түсіндіру және талқылау бойынша бірқатар диалог алаңдарын өткізді.

Диалог барысында Алматы қаласының мәслихаты бекіткен ТҮК – ға ең төменгі тариф-тұрғын үйді ұстауға 40 теңге мөлшерінде шығыстар бөлігінде мынадай проблемалық мәселелер анықталды:

* Қызмет көрсетушілердің, атап айтқанда домофондарға қызмет көрсету жөніндегі жосықсыз іс-әрекеттері кіру есіктерін, жабдықтарды беруден бас тартуда, қызмет көрсету шарттарын қайта жасасудан бас тартқан жағдайда қатерлермен көрсетілген, бұл өз кезегінде”Алсеко” АҚ-ның қолдауына ие;

* “Алсеко” АҚ “Рұқсаттар және хабарламалар туралы”, “табиғи монополиялар туралы”, “Лицензиялау туралы”, “Электр энергетикасы туралы”, “Жылу энергетикасы туралы” Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтамай, “электрмен жабдықтау”, “ыстық сумен жабдықтау”, “жылыту” реттеліп көрсетілетін қызметтерді басқару органдарына, басқарушы компанияларға хабарлама – шоттарын басып шығару”;

* Мәслихат қаулысының негізінде барлық сервистік және коммуналдық қызметтерді осы тарифке қоспай, 40 теңге мөлшерінде жаңа тарифпен хабарлама-шоттарды басып шығарудан бас тартатын “ АЕО “ ЖШС-нің дұрыс емес қатынасы;

* Сондай-ақ, сумен жабдықтау, ыстық және жылумен жабдықтау қызметтерін ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің жылу пункттеріне дайындық және қызмет көрсету актілері, теңгерімдік және пайдалану тиесілігін ажырату актілері мәселелері бойынша әрекеттері сынға алынды.

Аудан тұрғындарына ТКШ саласында тегін заңгерлік қызмет көрсетуге арналған бірыңғай консультациялық орталық – БКО құру туралы түсіндірілді.

Ақпарат үшін: өтінімдер WhatApp-та қабылданады+7 747 044 72 28,

+7 707 2289194 немесе мекен-жайы: Алматы қ., Ғабдулина 90А.

Барлық айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар жинақталып, зерделеу және шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта