ұсынымдар әзірлеу үшін Даму Бала бағдарламасын іске асыру шеңберінде үйірмелер мен секцияларды жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асырудың сәйкестігіне қоғамдық мониторинг жүргізуде. Мониторингтік топтың құрамына АҚК мүшелері мен сарапшылары, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері мен жұртшылық өкілдері кірді.
Мониторингтік топ қаланың 8 ауданында жұмыс істейді.
Мониторинг нәтижелері бойынша БАҚ-тың қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жалпы отырысы өтті. Кеңестің жалпы шешімімен Тимур Таймасұлы Нұртаев №2 құрылыс, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды. Әріптестер Тимур Таймасұлын осындай жауапты лауазымға сайлануымен жылы құттықтады.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің құрамына Экономика, кәсіпкерлік және инвестициялар, цифрландыру, туризм және экология жөніндегі №4 комиссияның мүшесі Руслан Тоқтарұлы Бидайчинов сайланды. Сонымен қатар, ротация шеңберінде Маманов Шыңғысхан Маратұлы коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық ұтқырлық Read more…
