Онда Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының 2023 жылғы есебі тыңдалды.
Жиынға басқарма басшысы және басшысының орынбасары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты. Қоғамдық кеңес құрамынан комиссия төрағасы Бекнұр Қисықов, Қайыржан Абдыхалыков, Нұрлыбек Қуанбаев, Алмат Адильбаев. Қоғамдық кеңестің басқа мүшелері мен сарапшылары зум арқылы қатысты. Оған қалалық мәслихаттың бірқатар депутаттары да қатысты. Басқармасының басшысы Айдар Есенбековке мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ерекшеліктеріне, идеологиялық мәселелерге, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың бюджет мәселелеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. «Алматы» телерадиокомпанияның бас директоры Тимур Базарбаевқа да сауалдар көп болды. Есептік кезеңнен басқа, жиналғандар 2024 жылға арналған ҚДБ перспективалары туралы хабардар болды. Жалпы алғанда, ҚДБ мемлекеттік әлеуметтік таспсырыс арқылы жүзеге асырылатын ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобаларының саны, түрі және бағыты артты. Қоғамдық кеңес мүшелері Қоғамдық даму басқармасының есебін қабылдады.
дөңгелек үстел
Қоғамдық кеңестің және “Ақпараттық-ресурстық орталық” ҚҚ қорытынды дөңгелек үстелі.
Бүгін Қоғамдық кеңес “Ақпараттық-ресурстық орталық” ҚҚ-мен бірлесіп “Қоғамдық кеңес: жұмыс қорытындылары және қоғамдық диалогты нығайту стратегиялары”тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жобасы аясында өтті.Қоғамдық кеңестің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы: Оқыту бағдарламалары:Жыл Read more…