“Камертон компаниясы” ЖШС-ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер болып табылатын компания мемлекеттік бағдарлама бойынша инвестициялық шығындарды өтеу туралы мәселемен жүгінді.
Компания өкілі Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған жабдықтарды жаңғыртуға салынған инвестициялар үшін өтемақы алудағы қиындықтарымен бөлісті. Ол мемлекеттік қолдау аясында қаражат алудың жедел әрі ашық процесін күткенін атап өтті.
№ 4 Комиссия оларға берілген құжаттаманы егжей-тегжейлі зерттеп, мәселені жедел шешуге кедергі келтіретін бірнеше бюрократиялық факторларды анықтады.
Кездесу нәтижесінде тиісті ұсынымдар әзірлеу үшін АӨК субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын регламенттейтін қолданыстағы НҚА-ны бірлесіп талдауды зерделеуді қамтитын іс-қимыл жоспары әзірленді.
Сондай-ақ бүгін біздің кеңседе жануарлармен жауапты қарым-қатынас жөніндегі белсенділердің Қоғамдық кеңестің № 4 комиссиясының төрағасымен кездесуі өтті, онда келесі мәселелер талқыланды:
Қалалық ветеринариялық қызметте жануарларды ұстау және аулау жағдайларын жақсарту
Үйсіз жануарлардың адопциясын ұлғайту мақсатында уәкілетті мемлекеттік органға ұсынымдар әзірлеу
Кездесуге қатысушылар өз идеялары мен тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісті, сондай-ақ жануарлармен жауапты қарым-қатынас жасау жағдайларын жақсарту бойынша одан әрі іс-қимыл жоспарларын келісті.
Біз кездесудің барлық қатысушыларына жануарларды қорғауға қосқан құнды үлестері үшін Алғыс білдіреміз және барлық мүдделі адамдарды жануарларға жауапкершілікпен қарау және болашақ ұрпақ үшін табиғатты қорғау қозғалысына қосылуға шақырамыз.