Әуезов ауданы комьюнити орталығында «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» КММ-нің «Комьюнити және демалыс орталықтарының қызметі» туралы есеп беру бойынша қоғамдық кеңестің №3 комиссия отырысы өтті . Тыңдалымға қоғамдық кеңес мүшелері және маслихат депутаттары қатысты.
Отырыс барысында Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары Азиз Кажденбек, комьюнити және демалыс орталықтардың жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы айтып, аталған орталықтардың жастарды әлеуметтендірудегі маңызын ерекше атап өтті.
Айта кету керек, жыл басында Алматының әр ауданында 8 комьюнити орталық жұмысын бастады. Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында әр ауданда екіден, яғни барлығы 16 орталық ашылады.
Әрбір комьюнити орталық креативті қоғамдық кеңістіктен тұрады. Мұнда жастарды қолдауға қажеттінің бәрі бар: бұл әртүрлі мемлекеттік бағдарлама бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, NEET жастарын қысқа мерзімді курстар арқылы сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және жұмысқа орналастыру.