Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қ. бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Ғалымов, Алматы қ. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Д.Қырықбаев, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Қоғамдық кеңесі, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша эксперттік топ пен жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Шара барысында жұмыс тобының жетекшісі, Қоғамдық кеңес мүшесі М.Абдушкуров ұсынған Алматы қ. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жұмысындағы мониторинг нәтижелері, Басқарма басшысы Д.Қырықбаевтың ақпараты тыңдалды. Талқылау кезінде қатысушылар жерлеу рәсіміне, тұрғын үй аумағын жинау, тұрғын үй бағдарламаларына қатысты және т.б. сұрақтарды ортаға салды. Талқылау нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныс енгізілді.