Мониторинг жөнінде арнайы комиссия жұмыс істейді

7 қарашада «Алматы Дарыны» ЗТМО базасында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Шарттық талаптарға сәйкес тамақтану сапасын бақылау үшін барлық мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялар жұмыс істеді, олардың құрамына медицина қызметкерлері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар қоғамының өкілдері (қамқоршылық кеңес) кірді.

Топтар тамақтанудың нормалар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін орта білім беру ұйымдарына бару және талдау сияқты маңызды функцияларды орындайды.

Тамақтану сапасын қамтамасыз етудің тағы бір маңызды аспектісі-қаланың барлық мектептері үшін орталықтан бекітілген тамақ мәзірі. Бұл мәзір тамақтану нормаларын, Қазақ тамақтану академиясының ұсынымдарын, маусымдылық пен балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді. Мектеп мәзірі туралы ақпарат ашықтық пен қолжетімділік үшін білім басқармасының және білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында жаряиланады.

Тегін тамақтану құнын бақылау да жүзеге асырылады және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінде білім алушылар үшін тегін тамақтанудың орташа құны 2022 жылы 600 теңгеден 2023 жылы 830 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл құнның өсуі балаларға түрлі табиғи өнімдермен сапалы тамақтануға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, 2023 жылға жалпы білім беру қорының бюджет қаражаты есебінен 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге 18,6 млрд. теңге және ХӘОТ санатынан 5-11 сыныптардың оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге 1,8 млрд. теңге (9 мың оқу үшін) көзделген. Тегін тамақтануға арналған жалпы бюджет 20,4 млрд. теңгені құрайды.

Тамақтану  сапасына қатысты өтініштер мен шағымдар болған жағдайда, ведомствоаралық  сараптама тобы (ВСТ)  мектептерде тамақтануды ұйымдастыруды жақсарту үшін қосымша тексерулер мен іс-шаралар жүргізеді. Бұл бақылауды қамтамасыз етеді және мекемелерді сапа стандарттарын сақтауға және оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге ынталандырады.

Жалпы Алматы қаласының мемлекеттік білім беру мекемелерінде тамақтану сапасын бақылау және қамтамасыз ету жүйесі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен болашағына қамқорлық жасауда шешуші рөл атқарады. Оқушылардың тамақтануын бақылау және қадағалау жоғары стандарттарға ұмтылуды және болашақ ұрпаққа қамқорлықты көрсетеді.

Сонымен қатар «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу Ережелеріне» сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен (бұдан әрі – Тамақ сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар (бұдан әрі – ВСТ) құрылады.

Қазіргі уақытта тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының Ережесі Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 3/487 қаулысымен бекітілді және мониторинг Актісімен ұсынымдар әзірленді.

Анықтама: Ережеге сәйкес ВСТ (ведомствоаралық сараптамалық топ) құрамын Алматы қаласының Мәслихаты бекітеді және ВСТ қызметінің тиімділігі мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12-тармағына сәйкес құрамы төрағадан: Алматы қаласы әкімінің орынбасары  А. Б. Нүсіпова, төрағаның орынбасарынан: Алматы қаласы білім басқармасының  Л. А. Жылқыбаева, топ мүшелерінен, өкілдері: Мәслихат депутаттары, білім саласындағы бақылау департаменті, аудан әкімдері, Қазақ тамақтану академиясы, ата-аналар, колледж қызметкерлері, Алматы қаласының қоғамдық кеңесі, Алматы қаласының қоғамдық кеңесі және азаматтық қоғам сарапшыларынан құрылады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта