Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасында және Алматы қаласы қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйіне мониторинг нәтижелері қаралды.
Мемлекеттік активтер басқармасындағы қызметті зерделеген жұмыс тобының басшысы Б. Мақұлбаев басқарма мен тиісті органдар тарапынан шаралар қабылдауды талап ететін бірқатар мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік және тәркіленген мүлікті пайдалану мен сатуға қатысты, негіздемелік келісімге сәйкес сатып алудағы олқылықтарға және т. б. назар аударды. Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы С. Сайфеденов. Комитет төрағасы Б. Жапаров тиісті өлшеулер жүргізу және кері байланыс алу арқылы қабылданатын шешімдер мен нормативтік құқықтық актілердің тиімділігіне талдау жүргізу қажеттігіне назар аударды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Рахимов аталған іс-шараның басты міндеті-заңнаманы бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу екенін атап өтіп, негіздемелік сатып алулармен байланысты рәсімдерді неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу туралы тапсырма берді.
Қаржы басқармасының қызметін зерттеген жұмыс тобының жетекшісі А. Арупов пен басқарма басшысының орынбасары Г. Өмірқалықованың ақпаратын тыңдап, қатысушылар бюджетті құру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын негіздемелерді неғұрлым мұқият зерделеу, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің келісуіне бюджет жобасын алдын ала ұсыну қажеттігін атап өтті.
1-Коммунальдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия
2024 жылғы 12 қарашада “Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы” КММ-нің 2024 жылғы 9 айдағы есебін
және жыл соңына дейінгі жұмыс жоспарларын тыңдау жөніндегі №1 комиссияның отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңес пен экология комитетінің мүшелері мен сарапшылары, БАҚ өкілдері, экологиялық белсенділер және қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары қатысты. Басқарма басшысының уақытша міндетін Read more…