Telegram платформасында Almaty_Joly жаңа арнасы пайда болды (https://t.me/AlmatyJoly). Онда аудандық маңызы бар көшелер мен магистральды жолдарды жөндеу кезіндегі қаладағы көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы барлық ақпарат жиналған. Арнадағы мәліметтер қалалық мобильділік басқармасы берген өзекті деректер негізінде жазылады.
⠀
Бұған қоса, #Алматы әкімдігі 2ГИС сервисі арқылы қала тұрғындарын жол жөндеу жұмыстары жайлы құлақтандыруға қол жеткізді. Қосымшадан пайдаланушылар қаладағы жабылған көшелер мен жол жұмыстарын біле алады.
⠀
Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтар туралы соңғы ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында да қолжетімді.
Хабарландыру!
№ 2 комиссияның бастамасымен – құрылыс, сәулет, урбанистика, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша 2 шілдеде сағат 10.00-де ГАСК басшысы мен оның орынбасарының кездесуі өтеді. Достық даңғылы, 85, 5-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша.