Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Д.Дуанбековтің, Жедел басқару басқармасының бастығы, полиция полковнигі Н.Тоқтамысовтың, Автокөлік шаруашылығы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ш.Бердиллаевтың есептерін тыңдады.
Шараға Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Көбеева, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі №1 комиссиясының төрағасы Б.Жапаров, Алматы қаласы мәслихатының депутаты М.Зулеев, Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Н.Батаев пен департаменттің өзге де қызметкерлері қатысты. Қатысушылар бірқатар сұрақтарға жауап алып, өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарын енгізді.Шара қорытындысы бойынша сервистік полиция жобасын жария талқылау туралы шешім қабылданды.