Атмосфераның ластануы азаматтардың және іргелес елді мекендердің тұрғындарының ауруының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қаланың әрбір үшінші тұрғыны азды-көпті дәрежеде лас ауадан болатын аурулармен ауырады. Ауаның сапасыздығы қаланың инвестициялық және туристік тартымдылығына кері әсерін тигізуде. Қала тұрғындары мен қонақтарының сауалнамалары оның қалаға бару немесе оны тұру орны ретінде таңдау шешіміне айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді.
Жағдайды түбегейлі өзгерту мақсатында Алматы қоғамдық кеңесі мемлекеттік органдар мен жұртшылық үшін бірыңғай іс-шаралар жоспарын әзірлеу мақсатында «Таза ауа» жөніндегі жұмыс тобын құрды.
Жұмыс тобының мақсаты шектеулі уақыт ішінде атмосфералық ауаның сапасына қатысты жағдайды шын мәнінде өзгерту бойынша шаралар қабылдау, Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша Жол картасын өзгерту, мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен қызметінің нәтижелерін тұрақты бақылау және бағалау болып табылады.
*Барлық ниет білдірген азаматтарды 26-29 маусым күндері сағат 14:00-18:00 және 9:00-ден 13:00-ке дейін 30 маусым күнде Абай д-лы, 90 мекенжайы бойынша Алматыгенжоспар ғимаратында өтетін шараға қатысуға шақырамыз.*
1-Коммунальдық инфрақұрылым, мобилділік, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
12 қараша сағат 11: 00-де. Жароков көшесі, 215, конференц-зал мекенжайы бойынша “Экология және қоршаған орта Басқармасының” есебі бойынша 1-комиссияның отырысы өтеді. Войти Zoom Конференциюhttps://us06web.zoom.us/j/84813996482?pwd=BqHpbDFqtPPnpcf00Na2wHvOxsa6xA.1 Идентификатор конференции: 848 1399 6482Код доступа: 515093