ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ұйымдастырушы: Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесі

Белгіленген іс-шара: Алматы қаласы шеңберінде бизнесті қолдауға негізделген мемлекеттік бағдарламалардың барысын бақылауға бағытталған Қоғамдық тыңдау.

Өтетін уақыты: 2017 жылдың 13 сәуірі. сағат 10:00-де.

Мекен-жайы: Достык даңғылы 52, «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын Емел» залы. 

Қоғамдық Тыңдау, «Алматы 2020» даму бағдарламасы аясында, бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлардың жүзеге асуын талқылауға байланысты ұйымдастырылып отыр. «Қала, бизнес пен жеке капитал үшін» Алматы дамуының приоритетті бағыттарының бірі және соның аясында:

  • 2015-2016 жж Алматы қаласынан бюджетке түскен салықтардың анализі;
  • Алматы қаласында екінші деңгейлі банктердің қызмет көрсетуі туралы ақпарат;
  • Алматы қаласында бизнес жүргізуге жемқорлықтың әсерін, сырттай бақылауға қатысты анализ;

Және тағы басқа осы салаға байланысты қосымша ақпараттар таратылып, жан-жақты талқыланады;

Барша бұқара ақпарат құралдарының өкілдерін және қатысуға ниет білдіріп, осы тақырыпқа ой қосамын деген азаматтардың барлығын шақырамыз.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар: Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, осы саладағы мемлекеттік орган өкілдері, Алматы қ, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Алматы қалалық «Даму» қорының өкілдері, ҮЕҰ, БАҚ.

Қатысушылар саны – 50 адам.

Уақыты – 2 сағат.

Барлық сұрақтар бойынша:

+7(727)267-01-27,  email: almatykenes@gmail.com

 

 

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта