қаламыздағы барлық медициналық мекемелерінің бірінші басшылары, байқау кеңесінің төрағалары мен комплаенс қызметі өкілдерінің қатысуымен диалог алаңында кездесу өткізілді. Кездесу комплаенс қызметінің және байқау кеңесінің, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңын түсіндіру мақсатында жүргізілді. Кездесуге Алматы мәслихатының депутаты Алтынай Көбеева және Александр Братенков қатысты. Маған, модератор ретінде, ұнағаны әр қатысушы ашық алаңда өзінің пікірін және ұсыныстарын білдірді. Әсіресе «Қоғамдық бақылау туралы» Заңының қажеттілігі мен осал тұстары барынша кеңінен талқыланды. Соның нәтижесінде Заңды жетілдіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты заңды әзірлеген органға ұсыну туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, диалог алаңында байқау кеңесі мен комплаенс қызметін жетілдіру мәселесі қарастырылды. Осы кездесу барысында келесі ұсыныстар қабылданды:
- алдын алу шараларын күшейту және жол берілген құқықбұзушылық туралы денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру мақсатында ҚДСБ мен құқыққорғау органдары арасындағы жұмысты белсендіру;
- Басқарманың ведомстволық мекемелердің бірінші басшыларының ротациясын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеп, жобаны ҚР ДСМ ұсыну;
- денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын жүйелі түрде көтеріп отыру;
- медициналық мекемелердегі қызмет түрлерін бақылауды күшейту, соның ішінде комплаенс қызметін, ММ ресми сайттарының және әлеуметтік желілердегі аккаунттардың жүргізілетін жұмысының жақсартылуын, нақты әрі тесерілген деректердің жариялануын, мемлекеттік тілде сауатты жүргізілуін, колл-орталықтарының қызметіне талдау жүргізу;
- қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі күрделі мәселелерді тиімді шешу мақсатында ҚДСБ жүйелі түрде МӘМСҚ, МФҚБД және ҮЕҰ диалог алаңдарын өткізу ұсынылады.