2022 жылғы 7 маусымда Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің №5 Білім, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту істері жөніндегі комиссиясы – Алматы қаласының мәдениет объектілерінің қолжетімділігіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг Алматы қаласындағы төрт мәдениет нысаны бойынша БАҚ-тың қатысуымен өтті.
Әл-Фараби даңғылы бойындағы Жаңа Театр-Алматы ғимараттағы мүгедектерге адамдарға арналған тұрақтың қолжетімділігінен басталды.
Қоғамдық кеңестің мүшесі Богдан Джепканың айтуынша: “Менің тәжірибемнен көптеген нысандарда ортақ қателік бар, пандус 5-8% емес және тактильді навигация жоқ. Біздің жұмысымызға талдау жасайтын боламын және тағы да қаламыздағы қолжетімділік үшін жауапты басқармаларды шақыруды жөн көрдік. Пікірталас алаңын жүргізіп, Қоғамдық кеңес және біздің Комиссияның атынан ұсыныстарын ұсынамыз. Біз жағдайды түзету, яғни мобильділігі төмен азаматтар отбасылармен бірге өнерден ләззат ала алатындай, театрдағы премьераларды көру, балалармен бірге цирк пен хайуанаттар бағына, кино көрсетілімдеріне бару, қала қонақтарымен бірге көрмелерге қатысу үшін жұмыс істейміз. »