Автобустар Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарына барады. Олар қала шегінен 50 км радиуста орналасқан ауылдарды қамтиды.Жаңа маршруттар әлеуметтік маңызы бар қатынас саналып, субсидиялауға жатады.Қаланы дамыту бағдарламасына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін Алматы қаласының әкімдігі қала маңындағы 30 жаңа маршрутты ұйымдастырады.Қалалық мобильділік басқармасы маршруттарды бекіту және оларды әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізіліміне енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжатпен www.legalacts.kz ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады.
Жаңалықтар
Алматыда Мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясы өтті, онда 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті ұсынылды.
Алматы әкімі Ерболат Досаев ” 2023 жыл Алматы қаласын дамытудың жаңа бағдарламасын іске асырудың алғашқы жылы болды. Ағымдағы жылдың 10 айында Алматы экономикасының қарқынды өсуі қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13,1% – ға өсті. Read more…