“Бірыңғай сатып алу терезесі” жобасын іске асыру аясында 7 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қоғамдық кеңестің 1-ші көшпелі отырысы кезінде хабарланды.

Кездесу барысында Алматы жұртшылығы Агенттік пен азаматтық сектордың бірлескен жұмысының нәтижелерімен таныстырды.

Бүгінгі күні халықпен жұмыс істеу барысында Қоғамдық кеңестің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Картасының әрбір бағыты бойынша жұмыс топтары құрылып, жекелеген бағыттар бойынша оң нәтижелер беруде.

Осылайша, жер қатынастары саласында 16 гектардан астам жер телімі мемлекет меншігіне 1,2 млрд теңгеге қайтарылды.

 Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Бәшімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қоғам арасындағы сындарлы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 1-ші орынбасары Дмитрий Малахов былай деді:

«Сыбайлас жемқорлықпен күресуде азаматтық қоғамның ресурстарын пайдалану қажет.  Бұл тәжірибенің артықшылығы өзара ақпарат алмасу, нақты шешімдерді бірлесіп талқылау және әзірлеу кезінде, бағдарламаларды кешенді әзірлеу және нормативтік құқықтық актілерді қоғамдық сараптамадан өткізу кезінде көрінеді.  Халықпен жақсы үйлестірілген жұмыс экономикалық және әлеуметтік мәселелердің жедел қаралуын және сапалы шешілуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Карта 6 бағытты қамтиды: құрылыс және тұрғын үй құрылысы, экономика және қаржы, экология, жер, фискалдық және әлеуметтік сала.

 Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы атап өткендей, биылғы жылы басқарма жұмысының негізгі бағыты экология саласындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта