Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысының күн тәртібіне Алматы полициясының қызметіне қатысты өзекті мәселелер қойылды.
Алматы ПД басшысы полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров қатысушыларды мегаполистегі криминогендік жағдай туралы хабардар ете отырып, қызметтер мен бөлімшелер қызметінің негізгі бағыттары бойынша қылмыстың азаюы және ашудың жақсарғаны туралы атап өтті.
“Жалпы Департаменттің жеке құрамы мегаполисте тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және қалада қылмысты азайту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде біз қарақшылық шабуылдармен, тонаумен, бөтен көліктерді ұрлаумен айналысқан, пәтер ұрлығын, қоғамдық орындарда автокөліктерден және жеке мүліктерден ұрлық жасаған 307 қылмыстық топтың қылмыстық әрекетін тоқтаттық. Біз қабылдаған шаралармен ұрлықтың 638 фактісін жасауда кінәсі дәлелденген 391 ұры-эпизодшының қылмыстық әрекетінің жолын кестік”, – деп түйіндеді Арыстанғани Заппаров.
Сонымен қатар, талқылау барысында Кеңес мүшелері полицияға жәрдемдесу құралымдарын өзектендіру және оларды қалада профилактикалық іс-шараларды өткізуге барынша тарту жөнінде ұсыныстар енгізді.
Сондай-ақ, отырыста санитарлық және экологиялық нормалардың бұзылуын, оның ішінде мегаполис орталығындағы уыттылық пен түтінді анықтау үшін мобильді экопатруль құрудың орындылығы туралы айтылды.
Сонымен қатар, сындарлы түрде полицияның сервистік модельге көшу және полицияның сервистік орталықтарын құру тетігі талқыланды.
ҚК отырысы
2022 жылға арналған ҚК қызметі туралы қысқаша есеп
2022 жылға арналған ҚК қызметі туралы қысқаша есеп. 2022 жылдың 8 айында Қоғамдық кеңес мынадай жұмыстар атқарды: 1. Әкімдіктің 15 басқармасының есептері тыңдалды 2. 4 ведомстволық ұйымның даму жоспарларының орындалуы талқыланды – бұлар қаланың коммуналдық Read more…