Қоғамдық кеңес пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, а.ж. 1 желтоқсанда Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген мәселелерді талқылау өтті. Шараға Қоғамдық кеңес пен оның Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитетінің мүшелері мен сарапшылары, Департамент қызметкерлері қатысты.
Шара уақытына сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылды:
· құрылыс пен тұрғын үй;
· экология;
· жер саласы;
· экономика және қаржы;
· қазынашылық;
· әлеуметтік сала (білім беру және денсаулық сақтау).
Топтар сыбайлас жемқорлық туғызатын мәселелерді шешу бойынша өз ойларын жалпы талқылауға ұсынды.Талқылау нәтижесінде топтарға өз ұсыныстарын жүйелеп, негіздемесімен бірге Департаментке қарастыру үшін енгізуге кеңес берілді.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта