Бүгін қалалық Қоғамдық кеңес төралқасының кезекті отырысы өтті, онда күн тәртібіндегі екі мәселе талқыланды:
1. Кеңестің сараптамалық қоғамдастығының жаңа мүшелерінің кандидатураларын бекіту;
2. Қаламыздың экологиясына байланысты маңызды тақырып бойынша қоғамдық тыңдауларға дайындық барысы. № 1 Комиссия төрағасы Б. А. Жапаров тыңдаулар Алматы агломерациясының тұрақты дамуының қажетті шарты ретінде ауа сапасын жақсарту шарттары мен жолдарына арналатынын хабарлады. Барлық мүдделі тұлғаларға тыңдаулар 2022 жылдың 29 қарашада өтетінін тағы да еске саламыз.
Мекен-жайы: Абай даңғылы, 90, “АлматыБасЖоспар”ғимараты. Өткізу уақыты 09:00-12: 00-ге дейін.
Біздің қаламыздың тұрғындарын қатысуға шақырамыз.
Жаңалықтар
Бүгін “Алматы қаласының әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуде Қоғамдық кеңестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тиімді нысандары туралы”тақырыбында дөңгелек үстел форматында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Әріптестер келесі тақырыптар бойынша қоғамдық бақылауды іске асыру шеңберінде өзара іс-қимылдың сәтті кейстері бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті: “Сервистік полиция моделін іске асырудағы проблемалық мәселелер”ЖҚҚ“Балалардың мүгедектігін ерте диагностикалаудың негізгі проблемаларын анықтау”мониторингінің нәтижелері Алматы қаласындағы спорт объектілерінің Read more…