Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту жөніндегі 5 Комиссия ҚК мүшелері Қ. Әбдіхалықов, Р. Гасанов бірлесіп 2022 жылғы 21 қазанда Бостандық ауданында сөйлеуі кешіктірілген балаларға арналған №9  мамандандырылған мектеп – интернат корпусы салынып жатқан объект бойынша  қоғамдық Мониторинг жүргізді. Оқушылардың ата-аналары арнайы мектеп-интернаттың, сондай-ақ тұрғындардың осы Білім беру объектісін мерзімі бойынша қашан пайдалануға болатындығы туралы сұрақтары бар. Сондай-ақ, интернат тәрбиеленушілерінің уақытша үй-жайда мамандандырылған №1 мектеп-интернаттың  жатын корпусында болуы мен оқытылуына мониторинг жүргізілді. Біз ҚК мүшелерімен бірге осы салынып жатқан объектіге қоғамдық мониторинг жүргіздік. Қоғамдық маңызы бар және өзекті мәселеге байланысты Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі осы Білім беру объектісіне апта сайын Мониторинг жүргізу туралы шешім қабылдады.

 Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің ерекше бақылауында құрылыс-мердігерлік жұмыстарға Мониторинг жүргізетін болады, өйткені нысан 2020 жылдан бастап әлеуметтік маңызды болып табылады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта