Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қызметінің башысы Саян Ахметжановтың, Агенттік Қоғамдық кеңесі мүшелерінің және Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Асхат Оразханның қатысумыен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ашқан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Көбеева өз сөзінде азаматтық ұйымдар мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нәтижелілігітуралы расталған ақпарат пен билік және қоғамның арасындағы кері байланыс механизмін қолдауды қаматамасыз ете алатын қуатты ресурс екенін атап өтті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қызметінің башысы С.Ахметжанов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына назар аударып, Қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимылдан күтіліп отырған нәтижелер туралы сөз қозғады. Бұл бағыттағы пәрменді шараның бірі – Агенттіктің бастамасымен құрылған Қоғамдық кеңестің Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитетінің қызметі. Комитеттің істеген жұмысы туралы Қоғамдық кеңестің Құқықтық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша комитеті төрағасының орынбасары А. Шөпшекбаева баяндады.
Дөңгелек үстел барасында қатысушылар саладағы өзекті мәселелер туралы сөз қозғап, өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттарын талқылады.
Жаңалықтар
2023 ж. 26 қаңтарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қ. бойынша департаменті алаңында өткізілген брифингте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша арнайы мобилді топтардың құрылғаны хабарланды.
Құрамына Қоғамдық кеңес пен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірген топтардың мақсаты – бизнес жүргізудегі өзекті мәселелерді шешу және бұзушылықтарды болдырмау.