2022 жылғы 15 Шілдеде № 5 комиссияның әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің мүшелері “Пана “әлеуметтік бейімдеу орталығы”КММ-не жұмыс сапарымен барды. Орталық директоры Б.Д. Айтмурзаев орталықтың белгілі бір тұрғылықты жері жоқ кәмелетке толған адамдардың және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың тәулік бойы уақытша тұруына немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналғанын хабарлады. Жоспарлы сыйымдылығы 180 қызмет алушыға есептелген. Қызмет алушыларға түскен жеке қажеттіліктерді бағалау негізінде орталық мамандары қайта әлеуметтендіру туралы шарт әзірлейді, онда қажетті қызмет түрлері көрсетіледі. Жоғалған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге тілек білдірген қызмет алушылардың орталықта тәулік бойы тұру ұзақтығы бір жылдан аспайды.
Орталыққа жүгінген, бірақ қаңғыбастық өмір салтын өзгерткісі келмейтін адамдарға түнеу бөлімшесі ұйымдастырылды, оларға тәуліктің түнгі уақытында ыстық тамақпен қамтамасыз етусіз төсек-орын беріледі. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға көшеде мекендейтін жерлерде әлеуметтік патруль мобильді қызметі тәуліктің күндізгі уақытында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Орталық қызмет алушылардың жоғалған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру үшін бірқатар іс-шаралар өткізуде:
– қызмет алушыларға төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен және іш киіммен қамтамасыз етілген төсек-орын ұсынылады. Жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге, зейнетақыны, мүгедектікті ресімдеуге, сондай-ақ жайлы болу және өзіне-өзі қызмет көрсету үшін басқа да жағдайларға жәрдем көрсетіледі. Сондай-ақ қызмет алушылар барлық болу уақытына төрт біржолғы тамақпен, емделу, қажетті құжаттарды ресімдеу үшін қызмет алушыларды тасымалдаудың көліктік қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
– орталықтың медицина қызметкерлері алғашқы медициналық тексеру, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, ауруханаға жатқызуға жәрдемдесу және денсаулық сақтау ұйымында емделуге мұқтаж қызмет алушыларды сүйемелдеу сияқты бірқатар іс-шараларды жүргізеді. Түнеу бөлімшесінде, сондай-ақ әлеуметтік патруль мобильді қызметтерімен алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық өңдеу жүргізіледі, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіледі.
– орталықтың психологтары психологиялық диагностика және жеке басын тексеру; әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау); психологиялық тренингтер өткізеді;
– қызмет алушылар үшін еңбек дағдыларын тексеру бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуге, сондай-ақ Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.
– орталықта қызмет алушыларды тартумен мерекелік, бос уақыт, мәдени-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Алматы қаласының, сондай-ақ оның маңайының көрікті жерлері бойынша өтеусіз экскурсиялық бағдарламалар, театрлар мен кинотеатрларға бару ұйымдастырылады.
– орталық аумағында спорттық іс-шараларды (волейбол, футбол) және дене жаттығуларын өткізуге арналған көше тренажерлары бар жабдықталған спорт алаңы бар.
– қызмет алушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді ресімдеуге және алуға жәрдем көрсетіледі
– қызмет алушыларға заңгерлік кеңес және заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетіледі; қарттар мен мүгедектерді қарттарға, мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымдарға орналастыру үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдем көрсетіледі.
Жұмыстың тиімділігі үшін қазір бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға арналған 138 төсек – орындық орталық бөлімшесі салынуда. Комитет мүшелерін жобамен және жоспарланған шығыстармен таныстырды. Кездесу аясында “Реванш” ҚҚ мен “Пана “әлеуметтік бейімдеу орталығы” КММ бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметке қосу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруда ынтымақтастық туралы уағдаластық жасалды. Алматы қаласы Түрксіб ауданының ЖПҚ бөлім бастығы Ә.М. Нағамбеков орталық директорының өтініші бойынша кесте бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу үшін учаскелік полиция қызметкерін жіберетін болады. “Рахим “әлеуметтік үйі” ҚҚ қызметкерлері Орталықтың қызмет алушыларына қаржылық сауаттылық бойынша бірқатар кездесулер өткізеді.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта