Қоғамдық кеңес мүшесі Жанар  Курабаева  Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайфеденов Сайран Тәпенұлы аудан тұрғындарымен кездесуіне қатысты. Мәслихат депутаттары, прокуратура органдары, ПД, СЭС және басқа да органдар өкілдерінің қатысуымен  кездесулер айына 2 рет   өтеді.

Атқарылған жұмыс туралы есебі бар бейнематериал ұсынылды, #проблемалар мен шешу жолдары айтылды. Кездесуде аудан тұрғындары көшелерді жарықтандыру, жолдар мен тротуарлардың жағдайы, аулаларды абаттандыру және саябақтарды ұлғайту қажеттілігі мәселелерін көтерді. Сөз сөйлеген тұрғындар проблемаларды айтып қана қоймай, алдыңғы өтініштерді орындағаны үшін алғыс білдірді, инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар айтты.

Әкім бұл бастамаларды бюджетке қатысу арқылы жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынды.


Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support