Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетін құру туралы шешім қабылданды
“Antikor ortalyǵy” алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғам қайраткерлері ведомствоның қазіргі жұмысы және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабардар етілді.
Отырыста Қоғамдық кеңестің жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын жеке комитет құру туралы шешім қабылданды.
Кездесу қатысушыларын қарсы ала отырып, Департамент басшысы Асхат Оразхан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен азаматтық сектордың сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
“Біздің бірлескен ынтымақтастығымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын заңсыз іс – әрекеттерін анықтау мақсатында нақты жұмыс құрып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізуде, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен өткізуде бірлескен күш салу қажет”, – деп атап өтті ол.
“Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы міндеттерінің бірі халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту болып табылады. Қоғамдық кеңес жанындағы осы комитеттің құрамына белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар кіруі өте маңызды, қойылған мақсаттар үшін барлық сараптамалық әлеуетті тарту қажет”, – деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрайымы Алтынай Көбеева.
Соңында қатысушылар осы комитеттің алдын ала құрамын және одан арғы іс-шаралар жоспарын талқылады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта