Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһарда денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет жүйелерін дамыту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау жүйесі – басты әрі негізгі басымдық. Жалпы, коронавирустық инфекцияға қарсы тұру моделі құрылып, оның тәжірибесі бүкіл ел бойынша ескерілді. Модель жедел жәрдемнің рөлін өзгертуге, жұқпалы ауруханалардың жұмысын жұқтырғандардың жағдайы мен қаладағы індеттің қарқынына байланысты төсек орындарын басқару үшін үш эшелонға жіктеуге қатысты. БМЖК жұмысы қайта құрылып, онда 364 мобильді бригада топтастырылды, учаскелік дәрігерлердің әлеуеті күшейтілді. Өткен жылы құрылған Телемедицина орталығы арқылы пациенттерді үйде емдеуге бақылау жасалды. Өліммен күресу үшін бірыңғай реанимациялық топ жұмыс істейді. Пациенттерді уақтылы диагностикалауды қамтамасыз ететін 28 КТ–орталығынан тұратын жалпықалалық желі құрылды.

Қабылданған шаралар нәтижесі инфекцияның төрт толқынын жеңуге мүмкіндік берді. Төртінші толқын кезеңінде 10 мыңға жуық инфекциялық төсек дайындалып, олардың 9 мыңға жуығы іске қосылды. Дельта толқынының шыңында олардың жүктемесі 70%-дан аспады. Әкімдік өз резервінде 1000 төсек-орын ұстады. Дәрілік препараттар мен жеке қорғану құралдары қоры жеткілікті, қамтамасыз етуде іркілістер болған жоқ.

Денсаулық сақтау жүйесі медициналық қызмет сапасын, жұмыс стандарттарын арттыру және қала тұрғындарының денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да мәселелердің шешімі бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Білім беру саласындағы негізгі міндет – балабақшалар мен мектептердегі кезектілікті төмендету. Бұл бағытта 640 орынды 4 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 12600 орынды 8 мектеп салынуда: 5100 орынды 3 мектеп биылғы жылдың желтоқсан айында, қалған 5 мектеп 2022 жылдың 2 тоқсанында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, мектептерге 8263 орынға арналған 17 қосымша корпус салынуда, оның 9–ында құрылыс жұмыстары аяқталды, ал қалған 8-і   2021 жылдың қазан айының соңына дейін қолданысқа беріледі. Жалпы, жыл соңына дейін жалпы саны 16 мыңға жуық оқушы орны бар 31 білім беру нысаны пайдалануға беріледі.

Одан бөлек, балаларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейту үшін Инновациялық шығармашылықтың екі орталығы салынады, 10 мың балаға арналған Оқушылар сарайы жаңғыртылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін 73 футбол, 63 волейбол және баскетбол алаңдары, сондай-ақ воркаут аймақтары мен жүгіру жолдары бар 61 мектеп жанындағы спорт нысандарын жаңғырту аяқталады. Сол арқылы, Алматы қаласы мектептерінің спорт залдарымен және спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100%-ды құрамақ. Бұл еліміз бойынша ең  үздік көрсеткіш болары хақ.

    Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл жабық спорт нысандарының құрылысы еселеп ұлғайтылды. 7 спорт нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, олардың 6-уы – дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 1-уі –  теннис орталығы. Ағымдағы жылы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін  орналастыру үшін 14 қосымша учаске бөлінді.

Кәсіби спорт клубтарын ұстауға, оларды бұқаралық спортты дамытуға қайта бөлу арқылы қаржылық шығындар қысқарғанын атап өту маңызды. Басты міндет – жыл соңына дейін халықтың кемінде 35%-ын спортпен қамту. Жан басына қаржыландыру тетігі арқылы жыл соңына дейін спортпен жалпы қамту  мөлшері 40 мыңға жуық баланы құрайтын болады. Қаланың барлық аудандарында 8000-нан астам адамды қамтитын тегін  спорт секциялары мен үйірмелері бар 100 демалыс орталығы жұмыс істейді. 2023 жылға қарай орталықтарды 200-ге дейін ұлғайту жоспарланған.

Мәдениет саласында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыру жобасы енгізілді, оның аясында  4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар шығармашылық үйірмелерге қатысатын болады. Жыл соңына дейін балалар мен жасөспірімдерге қатысты  мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына қаржыландыру 10 000-нан астам адамды құрайды.

Ұқсас мақалалар

Алматы әкімінің Қоғамдық кеңес мүшелерімен есеп беру кездесулері

Алматы қаласы әкімінің орынбасары И.Е.Өсеровтың сөзінен. (10.09.2021)

Қоғамдық кеңес отырысында Алматының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды   23 тамызда Алматы қаласының бюджет қаражатын бөлу процесіне тұрғындардың қатысуын қарастыратын «Бюджетке қатысу» қалалық жобасы аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды. Бұл туралы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму Толық оқу…

Алматы әкімінің Қоғамдық кеңес мүшелерімен есеп беру кездесулері

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Кикимов М.С. сөйлеген сөзінен. (10.09.2021)

Алматыда қолма-қол ақшасыз айналым көлемі 2,8 есе өсті Бірінші жартыжылдықта қолма-қол ақшасыз айналым көлемі 2,8 есеге артып, 12,7 трлн. теңгені құрады. Бұл мәлімет Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың мегаполистің Қоғамдық кеңесінің отырысында сөз сөйлеуінде Толық оқу…

Алматы әкімінің Қоғамдық кеңес мүшелерімен есеп беру кездесулері

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әзірбаев М.Б. сөйлеген сөзінен. (10.09.2021)

“Мектеп құрылысы мәселесінен бастап, заңсыз нысандарды тексеру, ЖЭО-2 жаңғырту және жылыту маусымына дайындық –  қоғамдық кеңес аясында не айтылды?». Өткен жұмада Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Қала билігі Толық оқу…

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support