Сіздерді «Алматы қаласындағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру жүйесінің жағдайы және оны одан әрі дамыту» мәселесі бойынша қоғамдық тыңдауға шақырамыз.

 

Өтетін күні – 2021 жылдың 22 маусымы (сейсенбі), сағат: 11:00.

Өтетін жері – ZOOM конференциясы (ВКС) арқылы.

Ұйымдастырушы – Алматы қ. Қоғамдық кеңесі.

Тыңдауға қатысушылар – Қоғамдық кеңестің мүшелері мен сарапшылары,

білім басқармасының өкілдері, білім беру ұйымдардың басшылары, БАҚ, білім беру мәселесіне бей-жай қарай алмайтын Алматы қаласының тұрғындары.

Тыңдау тақырыбы – коронавирустық пандемия жағдайындағы (2020 ж. наурыз – 2021 ж. мамыр) Алматы қалалық Білім басқармасының қызметі және олардың білім беру ұйымдарындағы жаңа жағдайдағы әрі қарайғы қызметі бойынша бағыттары. 

Тыңдаудың мақсаты – коронавирустық пандемия жағдайында Алматы қ. мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастырудағы проблемалар және оларды шешу жолдары туралы.

Тыңдаудың міндеттері:

  1. Алматы қаласында коронавирус пандемиясының пайда болуы мен таралуына байланысты білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарларына түзетулер жасау.
  2. 2021-2022 оқу жылында олардың ойдағыдай жұмыс жасауы үшін Алматы қаласындағы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарында жаңа жұмыс әдістерін әзірлеу.
  3. Білім беру ұйымдарын заманауи әдістермен, жабдықтармен және технологиялармен оқу-әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету.
  4. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы, оның ішінде арнайы мектептердегі білім беру сапасын арттыру, оқушылардың жазғы уақытта (жазғы мектептерде) бос уақытын дұрыс өткізуді қамтамасыз ету, мектептерді екі ауысымдық білім беруге көшіру және т.б. бойынша ұсыныстар.

 

Конференцияға қосылу үшін сілтеме https://us06web.zoom.us/j/83793643210?pwd=eGM1eW1mRm1WK0JKVnRMbFExakRxQT09

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта