2021 жылы 28 мамырда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Алматы қаласы мәслихатының экология, туризм және кеңістікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп «Қаланың атмосфералық ортасы: Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның ахуалы, сапасын жақсарту жолдары мен шарттары» тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу мақсаты:

Атмосфералық ауаны және оның сапасын жақсарту. Алматы қаласы мен агломерациясындағы тұрғындардың көлік құралдарынан зиянды шығарындыларды шектеудің заманауи жүйесін әзірлеу.

Іс-шараның қатысушылары:

Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, Экология департаменті, Қалалық мобилділік басқармасы, Жасыл экономика басқармасы, экология саласындағы қоғамдық бақылау тетігіне қатысты ұсыныстары бар эко-активистер, көліктің қозғалысы мен ауаның ластануын өлшеу және көлікті техникалық қарап-тексеру кезінде кейбір параметрлерді өзгертуге арналған заманауи құралдарға қатысты ұсыныстары бар бизнес қоғамдастық өкілдері.

Өтетін орны:

Іс-шараны ұйымдастырушылар мен спикерлер үшін – Абай даңғылы, 90, АлматыБасжоспар, zoom форматында қатысу үшін

https://us06web.zoom.us/j/81916348240?pwd=c2JIUkw5d0gwcTVpVGwvTVduUWUwZz09 сілтемесі арқылы өту қажет.

Конференцияның идентификаторы: 819 1634 8240

Кіру коды: 634062

Барлық мәселелер бойынша келесі мекенжайларға хабарласа аласыз:

+7 (727)264-13-62, info@almatykenes.kz

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта