Тұрғындардың өтінішіне байланысты Терренкур демалыс аймағына барып, қарастырдық. Оған Алматы қаласының тұрғындары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Қалалық мобильділік басқармасы, Жасыл экономика басқармасы, Әкімшілік полиция басқармасы, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды.

Терренкур демалыс аймағы спорт үшін, яғни жүгіру немесе серуендеу сияқты көптеген азаматтардың сүйікті орны. Сонымен қатар, соңғы кезде велосипедшілер мен электр самокаттарын пайдаланушыларға қатысты шағымдар мен ұсыныстар келіп түсуде, олар жаяу жүргіншілерге қауіп төндіреді.

Іс-шара барысында тұрғындардың қауіпсіздігіне мүдделі барлық қатысушылардың пікірлері тыңдалды. Жергілікті тұрғындар жоғары жылдамдықпен төмен түсетін велосипедтер мен мотороллерлерге тыйым салуды сұрайды.

Мәселен, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Жапаров бірінші кезекте жол қиылыстарына назар аударуды, онда тиісті жол белгілері мен сызықтарды орнату қажеттігін айтты. Өз кезегінде әкімшілік полиция басқармасының өкілі үш қиылыста жаяу жүргіншілер белгілерін орнату туралы ұйғарымның бар екенін және ол Қалалық мобильділік басқармасына орындау үшін берілгенін атап өтті.

Жалпы, Терренкур бойынша велосипедтер мен самокаттарда сырғанауды шектеу мәселесін барлық мүдделі тараптар мен тұлғалар, соның ішінде Алматы қаласының уәкілетті мемлекеттік органдары талқылап, зерттейтін болады.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта