Бүгін Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары  Қоғамдық кеңес мүшелері COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды.
COVID-19 пандемиясы жұқпалы аурулардың өршуі адам өміріне қауіпті қатер тудыратынын және шешімін табар жалғыз жолы жаппай вакцина алу арқылы тұрақты өмірге оралуға болатындығын барлығымыз түсіндік.


Вакцина салдырудың маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары  қарасты Қоғамдық кеңес мүшелері:
Алматы қаласы  Қоғамдық кеңесі  мүшесі, Алматы қалалық адвокаттар коллегиясы Президиумының мүшесі – Нұрлан Жазылбеков, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты – Алтынай Көбеева, Қоғамдық кеңес мүшесі, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы – Жанат Қасымжанова, медицина ғылымының докторы, қоғамдық денсаулық сақтау профессоры (1995ж.), Virginia Commonwealth University профессоры (АҚШ, 2004ж.), Жоғары Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің профессоры (2014ж. бастап),  Қоғамдық кеңестің сарапшысы Мақсұт Кульжанов , қала Мәслихатының депутаты, 2000 жылғы олимпияда чемпионы, халықаралық классты спорт шебері, бокс бойынша ҚР еңбегі сіңген спорт шебері (2000ж.), бокс бойынша ҚР еңбегі сіңген тренері – Ермахан Ибрайымов өздері үлгі көрсетіп, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды.
Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары  қарасты, Қоғамдық кеңес мүшелері атап өткендей: «Біз вакцина салдыру арқылы өзіміз үлгі көрсетіп, азаматтық ұстанымымызды танытқымыз келді. Әрқайсымыз бұрынғы еркін өмірге қайта оралғымыз келеді, жақсы көңіл-күймен жұмысқа барғымыз келеді, қоғмдық орындарда демалып, денешынықтыру не спортпен айналысқымыз келеді, сондықтан вакцина салдыру нәтижесінде ешқандай шектеусіз өмір сүре аламыз, өзімізді және жақындарымызды аурудан қорғай аламыз. COVID-19-ды тоқтатудың нақты жолы вакцина салдыртып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін әрқайсымыз түсінуіміз керек. Қала тұрғындарына қазір вакцина салдыру үшін барлық жағдайлар жасалған, өз қалауымен әр тұрғын таңдаған емханасында, Саудай ойын-сауық орталықтарында және басқа да ірі қоғамдық орындарда вакцинаны ерікті түрде салдыра алады. Ондай орындардың тізімі қала әкімдігінің ресми әлеуметтік желіде және сайтында жарияланған. Вакцина салдыру үшін Е-gov, Call-орталықтары немесе емханалардағы жедел жүйелер арқылы алдын ала жазылып қоюға болады, не емханаға тікелей барып салдыртуға да болады. Біз өзіміз көрсеткен үлгіміз арқылы қала тұрғындары дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз және барлығымыз бірге COVID-19-ды жеңуіміз керек. 

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support