Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң), Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай – Жұмыс тобы) Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды.

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.

Қоғамдық кеңес өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс. Қоғамдық кеңеске мемлекеттік органның атынан өкілдікті мемлекеттік органның басшысы конкурс өткізбей бекітеді.

Жұмыс тобының 2019 жылғы 18 ақпандағы шешіміне сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 30 адам көлемінде айқындалды, оның ішінде 3 мемлекеттік органдардың өкілдерінен және 27 азаматтық қоғамының өкілдерінен тұратын болады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы кандидат бола алады.

Жұмыс тобы қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

Құжаттар жұмыс тобына 2019 жылғы 20 ақпаннан бастап 5 наурызды қоса алғанда дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Мәслихатының аппараты, 372 бөлме. Анықтама телефондары: 8 (727) 271-65-99. Электронды мекен-жай: 2720345@mail.ru.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар байқау жөнінде хабарландыру жарияланғаннан кейін көрсетілген мерзім аралығында келесі құжаттарды тапсырады:

1. кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2. кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3. үлгіге сәйкес толтырылған өтінім (өтінім үлгісін Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсынан (www.mga.kz) жүктеуге болады);

4. мекенжай анықтамасы;

5. сотталмағандығы жөнінде анықтама (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы);

6. психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмағандығы жөнінде анықтама;

7. жеке куәліктің көшірмесі;

8. 3,5х4,5 фото.

Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта