Алматыда Бас ботаникалық бақты қайта құру жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі Бас ботаникалық бақты қайта құрудың эскиздік жобасы бойынша қоғамдық тыңдауға шақырады.

Іс-шара 26 қыркүйекте сағат 15:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Сәтбаев көшесі 16-18, «Тұран» университеті, актілік зал.

Спикерлер:

Ерлан Оспанов — «Верный Капитал» Компаниялар тобының бас директоры әрі басқарушы серіктесі, Марат Айтмагамбетов — Болат Өтемұратов Қорының директоры, Гульнара Ситпаева — Ботаника және фитоинтродукция институтының (Бас ботаникалық бақ) директоры және Асет Масабаев — Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Марат Шибутов — Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі. 

МодераторЕрлан Смайлов, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Қоғамдық тыңдаудың барысында Ботаникалық бақты қайта құру бойынша концептуалдық шешімдерінің эскиздік орындалуы ұсынылатын болады. Эскиз-альбомды Қоғамдық кеңестің http://almatykenes.kz сайтынан көруге болады.

Ботаникалық бақ – қаланың көрнекті орындарының бірі және алматылықтардың сүйікті демалыс орны – ауқымды қайта құрудан кейін қандай болады? Мәселе бірнеше ай бойы талқылануда. Ботаникалық бақты қайта құру жобасыны концепциясы жұртшылықпен алғаш рет 2018 жылғы 28 маусымда талқыланды – жалпы мастер-жоспар қарастырылды және қатысушылардың ұсыныстамалары жиналды. Қала тұрғындары, сондай-ақ Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі концепция мақұлдады және ол эскиздік жобаның негізіне алынды – 26 қыркүйекте ашық қоғамдық тыңдауда тап осы жобаны талқылау ұсынылады.

Эскиздік жобаға алғашқы талқылаудың барысында және кейіннен — жобаның әлеуметтік желілері арқылы алматылықтардан алынған ұсыныстар енгізілді, атап айтқанда: ерекше қажеттіліктері бар адамдардың бақтың аумағында болуы үшін жайлы жағдайлар, инклюзия элементтері бар қоғамдық бақша, кіреберістік павильондарда ауыз су фонтандарын, экологиялық тамақтандыру орындары мен дәретханалар орнату, парк бойынша заманауи навигация көзделді.

Аккредитация үшін байланысу деректері:
+7 727 279 27 47

almatykenes@mail.ru

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ:

Жобаға Болат Өтемұратов Қоры бастамашы болды жән Алматы қаласыны Бас ботаниалық бағының қолдауымне қаржыландырады. Жорамалды бюджет — 15 миллион АҚШ долларына дейін.

Басты қағидат — бақ аумағының бүтіндігі мен өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, күтіммен қайта құру.

Іске асырылу мерзімдері — 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың желтоқсан айына дейін.

Жобаны іске асырудың қоғамдық аймағы — 17,7 гектар, оған периметр бойынша бақтың қоршауын ауыстыру, үш кіреберістік топтың құрылысын салу, Тимирязев көшесі жағынан партерді қайта құру және Әл Фараби даңғылы жағынан жаңа партер құру кіреді. Сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын салу және суару жүйесін қайта құру ауданы 103 гектар бақтың бүкіл аумағында жүргізілетін болады.

Жобаның мақсаттары:

  • бүгінгі күннің призмасы арқылы бастапқы түрін қалпына келтіру;
  • жасыл желекті көбейте және орнықты даму моделін қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді стратегияның шеңберінде инфрақұрылымды модернизациялау;
  • шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орта құру, Қазақстан ғалымдарының дендрология, ботаника және фитоинтродукция саласындағы көп жылдық жұмысын көрсетуге арналған ақпараттық және навигациялық жүйелер тұрғызу;
  • құстар мен басқа да фаунаны мекендеу жағдайларын сақтап қалу және жақсарту.

Жобаны алғышарттары (түйінді тұстары):

  • жеткілікті суару қамтамасыз етілмейді – тұрақты сумен жабдықтау көздері жоқ, инженерлік желілер тозған;
  • жолдар мен сүрлеулер бүлінген;
  • қоршаулар ескірген және ішінара қираған;
  • Тимирязев көшесі, Әл Фараби даңғылы мен Атакент жағынан ыңғайлы кірмежолдар мен паркингтердің жоқ болуы;
  • аумақта жарықтандыру мен видеобайқаудың жеткіліксіздігі не жоқтығы;
  • экспозициялардың белгіленуіні бұлыңғырлығы немесе жоқтығы – білім беру құрауышы жоқ;
  • келушілердің бақтың жұмысынан хабардарсыздығы;
  • ілеспе инфрақұрылымның (ұйымдастырылған кіреберістік топтардың, билет кассаларының, кәдесый дүкендерінің, санитариялық тораптардың) жоқтығы;
  • Тимирязев көшесі жағынан бір кіреберіс осал/толымсыз жұмыс істейді.

Ботаникалық бақты абаттандыру бойынша жоспарланып отырған қадамдар:

  • суару және бүрку үшін су жіберуді қамтамасыз ету;
  • 3 кіреберістік топтың құрылысын салу: солтүстік кіреберіс, партер аймағы, — Тимирязев көшесінен кіреберіс, жаңа оңтүстік кіреберіс — Әл-Фараби даңғылы жағынан, сондай-ақ «Атакент» көрме орталығы жағынан жаңа батыс кіреберіс;
  • байланыстыратын бас аллеяны және соқпақтар желісін табиғи мәнерде жайластыру;
  • мөлдір шыны қасбеттері бар дүкендер мен кассалар, заманауи кассалар жүйесі кіретін кіреберістік топтардың бір қабат конструкцияларының құрылысын салу;
  • жолдардың инфрақұрылымын қайта құру, жабын төсеу және ішінара ауыстыру;
  • экспозицияларға қатынау соқпақтарын абаттандыру, соның ішінде табличкалар мен нұсқағыштар орнату, жаңа навигация жүйесі;
  • бұрыннан бар жинақтағыштарды, тұндырғыштар мен тоғандарды реставрациялау;
  • жаңа жасыл желек отырғызу;
  • жаңа жарықтандыру жүйесін жасау;
  • партер аймағында құрғақ фонтан жасау;
  • периметр бойынша және қоғамдық аймақтарда видеобайқау ұйымдастыру.

Дизайн-жобаны Ботаника және фитоинтродукция институтының жұмыс тобының белсенді қатысуымен Алматы, Польша мен Португалияның ландшафтық сәулетшілері мен жасыл желектер жөніндегі сарапшылар тобы әзірледі.

 

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта