Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің Мәдени саясат №5 комиссиясының Ақпараты

Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биыл жарық көрген жолдауында «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, қоғамда радикалды көзқарасқа байланысты кез-келген әрекетке мүлде төзбеушілікті қалыптастыру керектігі» – айтылды. Рухани адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадам жасау керектігі басым көрсетілген.

Осыған орай, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің Мәдени саясат комиссиясы тарапынан білікті мамандардан құрылған эксперттік топтың жұмыс жоспары бекітіліп, қала имамдарына семинар – тренинг өткізілді.   Алматы қаласы қоғамдық кеңесі Мәдени саясат комиссиясының ұйымдастыруымен өткен семинар – тренинг 2 күнге жалғасты. Алматы қаласындағы 47 мешітте 130дан астам имам мен дін қызметкерлері жұмыс жасайды. Имам санының көптігіне байланысты семинар – тренинг 2 бөліктен тұрды. Алғашқы бөлікке 55 имам мен дін қызметкерлері қатысты. Оларға Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының өкілі, Нұр-мүбәрак университетінің оқытушылары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессорлары, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің докторлары мен теолог мамандар дәріс өтті. Шараның мақсаты: қала имамдары мен мешіт қызметкерлерінің діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы біліктіліктерін арттыру және жәрдемдік шара болып табылады. Семинар соңында қала имамдары қатысқандығын растайтын сертификат табыс етілді. Сәйкесінше семинар сұрақ – жауап айдарымен жалғасын тауып, қала имамдары өз ұсыныс – тілектері мен ризашылықтарын жеткізді.

Осы ретте, рухани қолдау білдіріп, семинардың өтуіне септескен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы мен Дін істері басқармасына және Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі мен әкімшілік аппаратына алғыс білдіреміз.

 


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биыл жарық көрген жолдауында «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, қоғамда радикалды көзқарасқа байланысты кез-келген әрекетке мүлде төзбеушілікті қалыптастыру керектігі» – айтылды. Рухани адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадам жасау керектігі басым көрсетілген.

Осыған орай, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің Мәдени саясат комиссиясы Алматы қаласы мешіттерінің имамдары мен діни қызметкерлеріне семинар – тренинг өткізілді.  Аталған тренингке Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Мәдени саясат комиссиясы білікті мамандардан құрылған эксперттік топты әзірілді. Атап айтсақ, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының өкілі, Нұр-мүбәрак университетінің оқытушылары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессорлары, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің докторлары мен теолог мамандар. Алматы қаласында 130 дан астам имам мен мешіт қызметкерлері бар. Семинар – тренинг 2 бөліктен тұрады. Алғашқы 2 күндік семинар тренингке Алматы қаласы имамдары мен діни қызметкерлерінің жарты бөлігі қатысты.

Мақсатымыз Алматы қаласы мешіттерінің барлық діни қызметкерлерін қазіргі заманның талабына сай біліктілігін, қарым – қабілетін арттыру. Осыған орай, мынадай тақырыптар бойынша семинар жүргізілді: ислам дінінің негіздері, Қазақстандағы мемлекет пен дін ара-қатынасы, кері ағымдар және олармен күрес әдістемелері. Олардың алдын алу, экстремизм мен терроризмнің туындау себептерін түсіндіру болып табылды. Отбасы, жанұя мәселелері (неке, нәпақа және талақ). Және еліміз бойынша белең алған ақпараттық қарусыз соғыс және оның қоғамға кері әсері. Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мәдени саясат комиссиясы аталаған шараны егжей-тегжейлі зерттеп, қаламыздың дін ахуалын қалыпты қылу мақсатында және жас өрендер мен қаракөз қыздарымыз жат ағымға мойынсұнбас үшін осы игі шараны қолға алып отыр.

Семинар өткен орыны: Абылай хан даңғылы 74а, Әйтеке би көшесінің қиылысы, «Алмалы» ауданы әкімшілігінің ғимараты Уақыты: 26– 27.04.2017 ж.  

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта