2017 жылғы 3 қазанында Түрксіб ауданының әкімшілігі аппаратының мәжіліс залында КСК төрағалары және аудан әкімі Кулагин Павел Сергеевичтің қатысуымен, Алматы қаласы Түрксіб ауданының тұрғындарымен және инновациялар, инвестициялар, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және тұрғын үй жөніндегі Алматы Қоғамдық кеңестің коммуналдық №7 комитетінің отырысы өтті.

Ол жылу беру маусымына дайындық мәселелерін ғане емес, сонымен қатар, қүқықтық тәртіп туралы, оның ішінде учаскелік полициялардың жұмысы туралы, жалға берілетін  пәтерлер туралы, діни экстремизм туралы,такси жүргізушілерінің жұмысын ретке келтіру жөнінде, вокзалда пәтерлік бюро ұйымдастыру, аулаларды жөндеу, ағаштарды кесіп, ретке келтіру жұмыстары туралы сұрақтар қаралды. Алматы қаласының Қоғамдық кеңестің, Түрксіб ауданының жұмыс тобын құрып бірігіп әрекеттенуі туралы талқыланды. «Қоғамдық кеңес туралы.» Заңға  түсінік берілді.

Алматы Қоғамдық кеңестің мүшелері Асылбеков Асхат Зейноллаевич, Шмидт Ілиясұлы Ильясов, Александр Петрович Белянов және сарапшы Ерқанат Мәдиев қатысты.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта