Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес (әрі қарай – Заң), Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (әрі қарай – Жұмыс тобы) Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды.

Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты Азаматтық қоғамның қаланың қоғамдық маңызды мәселелері бойынша пікірін білдіру және азаматтық құқықтарды іске асыру болып табылады.

Заңның 10 бабының талаптарына сәйкес, жұмыс тобына үміткер Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азамат болуы тиіс.

Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңеске ұсынылатын үміткерлерге Заңның 10 бабының 1 тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Құжаттар жұмыс тобына 2016 жылдың 3 наурызы күнін қоса алғанда дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 503, 507 бөлмелер. Анықтама телефондары: 8(727) 271-66-74 272-20-07. Электронды мекен-жай: 2722007@mail.ru.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар байқау жөнінде хабарландыру жарияланғаннан кейін 30 күн ішінде келесі құжаттарды тапсырады:

  1. коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. үлгіге сәйкес толтырылған өтінім (өтінім үлгісін Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының (uvp.almaty.kz) және мәслихатының сайтынан (mga.kz) жүктеуге болады);
  3. мекенжай анықтамасы;
  4. сотталмағандығы жөнінде анықтама (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы);
  5. психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмағандығы жөнінде анықтама;
  6. жеке куәліктің көшірмесі;
  7. 3х4 фото.

 

 

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support
Анализ сайта