Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі (ҚК) қала көшелеріндегі кептелу және Алматыдағы ақылы тұрақтардың жүктеме деңгейін реттеу құралы ретінде сараланған тарифтерді қолдану мәселесі бойынша тыңдау өткізеді.

Мақсаты: Алматы қаласының автокөлік иелері мен тұрғындарының мүддесі үшін ақылы автотұрақтардың жұмысын ұйымдастыруға заманауи тәсілдерді қалыптастыруға ықпал ету.

Модератор: Джапаров Борис Аликенұлы – №3 ҚК комиссия төрағасы.

Спикерлер:

Әділов Ерлан Маматұлы – Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының басшысы;

Принбеков Марат Үсенұлы – “Алматы спецтехпаркинг сервис” ЖШС директоры.

Қатысушылар: Қоғамдық кеңестің мүшелері, сарапшылары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, Алматы қаласының белсенділері мен тұрғындары.

Тыңдауда ақылы автотұрақтардың жұмыс істеу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланып қаралады. Сындарлы талқылау, пікір алмасу негізінде мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірленетін болады.

Өткізу күні: 2020 жылғы 29 шілде.

Уақыты: 11:00 сағат.

Өтетін орны: Алматы қ., ZOOM (ВКС) арқылы онлайн-конференция.

Барлық тілек білдірушілерді осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша келесі координаттар бойынша хабарласуға болады: +7(727)2921002, info@almatykenes.kz.

Конференцияға қатысу үшін алдын ала:

https://zoom.us/meeting/register/tJAocOGspzItG9JAdcOyup1oznxPW2gEOPZ– сілтемесі бойынша тіркеліңіз.

Тіркеуден кейін сіз конференцияға кіру туралы ақпаратты қамтитын растауы бар электрондық хат аласыз.

Ұқсас мақалалар

Анонстар

Хабарландыру!

2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі «Жолаушыларға қызмет көрсету, ұйымдастыру және қауіпсіздігін арттыру мақсатындағы Алматы халықаралық әуежайының қызметі туралы» қоғамдық тыңдау өткізеді. Мақсаты: мемлекеттік органдардың, Алматы халықаралық әуежайының және қызмет көрсету сапасы мен Толық оқу…

Қоғамдық тыңдаулар

Хабарландыру!

         Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі Төралқасының отырысында 2019 жылдың 24 қазанына Қоғамдық тыңдауға 2 сұрақ дайындау жөніндегі талқылаулар нәтижесінде жоспарланған велосипед көлігі инфрақұрылымын дамыту туралы мәселесін басқа уақытқа ауыстыру туралы шешім қабылданды (бұл Толық оқу…

Жаңалықтар

Хабарландыру!

Алматы қаласының қоғамдық кеңесі ақылы автотұрақтар желісін ұйымдастыру және кеңейту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді, сондай-ақ Алматы қаласында велосипед көлігінің инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланатын болады. Өткізу күні: 24 қазан 2019 жыл Өткізу уақыты: 16:00-18:00 Өткізілетін Толық оқу…

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support